"Ұсынба жүрек гүлін сүймегенге,
Қадірін махаббатың білмегенге", - деген сөздермен басталатын махаббат-маржандарына толы қойын дәптеріме Жан Жак Руссоның бала жайлы мынадай нақыл сөздерін түртіп қойған екенмін:

Қадірін махаббатың білмегенге", - деген сөздермен басталатын махаббат-маржандарына толы қойын дәптеріме Жан Жак Руссоның бала жайлы мынадай нақыл сөздерін түртіп қойған екенмін:
"Баланың балалығын тыйдым дегенше, ержеткенде даналығын тыйдым деңіз"

Біз де бала болғанбыз, біздің де үлкендерге қояр сұрағымыздың шегі жоқ болатын. Әсіресе, психикамызға ерекше әсер ететін "мен өмірге қалай келдім?" дейтін сұрағымыз болушы еді. Үлкендерден еститін жауабымыз да қызық-қызық: "Мен ааһ дегенде аузымнан түсіп қалғансың", "Біз сені мусордан тауып алғанбыз", "дүкеннен сатып алдық".
Жалпы, бала кездегі менің түсінігім бойынша екі жас үйленгеннен кейін екеуі бірге ұйықтайды. Ұйықтағанда, әрине бір төсекте, жәй ғана ұйықтайды! Болды! Ертесіне дем арасында қарны қампиып шығады да, бәлнеске барып, аузынан туып келе салады! Бітті! Енді осы түсініктің маған қалай әсер еткенін қараңыз: ес біліп, етек-жеңімді жиғанға дейін мен ешкіммен бір төсекте ұйықтаған емеспін. Жалғыз өзім бір бөлмеде ұйықтаймын. Тіпті әке-шешемді де қасыма жуытпай қойғанмын, әпке-сіңлілеріммен де бір төсекте құшақтасып жатқан емеспін.
Ал қазіргі біздің жаңа заманғы қоғамда баланы жыныстық тәрбие жайлы тақырыптардан алшақ ұстау мүмкін бе? Қалай оны жабық тақырып етіп көрсете аласыз, егер сәт сайын теледидардан бұл жайлы ашық түрде бірінен бірі асыра жарнамалап жатса. Қала берді, ғаламтор беттері мен газет-журналдар, кітаптар жарыса жазып жатса.
Осы сұрақ алдыңыздан шыққан кезде сіз өзіңізді бала алдында ақтап алуға тырысасыз. Әрине, сіздің түсінігіңізше өзіңіздің бала кезіңізде ата-анаңыз мұндай тақырып қозғаған емес, бала-бақшада да мұндай тақырып қозғалмаған, солай өсіп те адам болғансыз. Бір сөзбен айтқанда, балаға жыныстық тәрбие беруден қиналасыз, оны түсіндіруге дайын болмайсыз.
Сонымен сізге әлгі "ерсі" тақырыпты айналып өтуге тура келеді де, баланың "адам өмірге қалай келеді?" деген сұрағына, әбден жаттанды болған ұғыммен "сені тырна әкеліп тастаған", т.б, жауаптармен бітіре саласыз.
Неліктен үлкендер балаға бұл туралы айтуға именеді? Иә, олардың ойынша мұндай нәрсе "әдепсіздік", "тәрбиесіздік", "лас" тақырып емес пе? Осындай түсініктегі ата-аналар үшін көбіне балалар зарбап шегіп жатады. Мұның бәрі ұят нәрсе екенін ол бала өмір бойы сезініп өтеді. Бұл баланың кемшіліктерге жиі кезігіп, ылғи қорқышынты сезініп, жүйке ауруына шалдығуға бейім етеді.
Ал, сіз бала-шағаңыздың бақытты болғанын қалар едіңіз...
Мұндай тақырыпта баламен әңгіме қозғау ыңғайсыз-ақ. Мұны бала дұрыс түсінбей қала ма, кенет қажет емес сөзді қолданып қоямын ба деп қысыласыз. Әйтсе де, ертең бала өскенде жеке өмірі дұрыс болмай жатса, айналып келіп сізді кінәлағанын қаламайсыз ғой.
Сондықтан, мұндай жағдай болмас үшін сәл батылдық танытып, баланы түсініксіз беймәлім сауалдар ортасында жалғыздан жалғыз қалдырмай, жаңағы сұрақтар төңірегінде әділ, ашық болуға қадам жасаңыз.
Тәй-тәй етіп аяқ басып бастағаннан сәби жалаңаш жүргенді ұнатады. Денесіне ешнарсе жабысып тұрмайды, тұтастай ауа жұтып тұрады, еркін, рахат. Бұл жаста олар ұялуды білмейді. Шешесі кигізген киімдерді лезде қайта сыпырып тастайды.
Бірақ, дәл осы жаста оны ұялтамын деп ұрысуға асықпаңыз. Әрнарсе өз кезеңімен. Уақыт өте келе баланың өзі осы қалыптарынан қысыла бастайтын шағы болады.
Отбасында ұл бала мен қыз бала қатар өсіп келе жатса жолымның болғаны деп есептеңіз. Неге десеңіз, кішкентай кезінен бастап балалар бір-біріне қарап өседі. Неліктен ұл балада бар - қыздарда жоқ екенін, қыз балаларда бар нәрсе ұлдарда жоқ екендігін ажыратып, біліп ержететін болады.
Мен өз қатарластарымнан ертерек бойжетіп кеттім бе, жоқ әлде дәл мендей түйісік бар адамазтқа біткен қасиет пе білмеймін, әйтеуір, ерте жастан бала тәрбиесі мені ерекше мазалайтын-ды. Бала тәрбиесін терең болмаса да өзімше зерттегенім бар. Екеуі де бірдей жұмыста, бала тәрбиесіне уақыт таба алмай жүрген ата-аналарға танымал психолог Леви Владимир Львовичтің "Нестандартный ребенок" атты кітабын оқуға кеңес беремін. Ол кісі өз еңбегінде мынадай мысал келтіреді: Бірде анасы жуынып жатқан кезде кішкене ұлы есіктен ұрлана сығалап қараған көрінеді. Байқап қалған анасы қатты айқайлап ұрысып берген. "Балам ұятсыз болып өсіп келеді" деп ойлаған ғой. Ал бала содан кейін жарты жыл бойына ешкіммен сөйлеспей қойған. Анасы баласын қатты кінәлау салдарынан болашақта немересіз қалу жолын таңдап алуы әбден мүмкін.
Баланы шошытып алу оңай. Мұндай оқиғадан бала ертең есейгенде әйелдерге деген табиғи қызығушылығын мүлде жойып алмаса да, жігіт шағында ішкі үрейде болады екен.
Тағы бірде бірінші сыныпта оқитын қыз бала әке-шешесінің бөлмесіне қолайсыз кезде кіріп қалады. Қыз ештеңе деместен бөлмеден атып шығады, одан кейін де тіл қатпай қояды. Әке-шешесімен оңаша қалудан қашқақтайды, көздерінде үнемі үрей тұнып тұрады. Анасы бұл оқиғадан кейін психологқа келіп, көмек сұрайды. "Қызыммен сөйлесе алмай жүрмін, не деу керек екенін білмеймін" дейді. Шешесінің көзінде де үрей бар болатын. Анасының жүзіндегі қорқыныш бала үрейін екі есе болып ұялай түседі екен. Бала бұл ситуацияны "маған қысым көрсетті" деп қабылдайды. Сол себепті бала алдында мейілінше үнсіз қалмау керек. Ұғына алмаған қорқынышынан баланы құтқарыңыз!

Комментариев нет :
Отправить комментарий