Атақты психолог бір конференциясында "Кімді жақсы көрсеңіз оған барып жақсы көретініңізді ашып айтыңыз" дегенді айтады.
Біп апта өтіп, психологқа Джон есімді біреу қоңырау шалады:
- Өткен апта айтқан сөзіңіз мені қаттьы ойландырды. Конференциядан шығып, жақсы көретін ешкімім жоқ екенін үйге дейін ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын әкеммен қатты ұрысып, үйден кеткен біреумін. Сол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездердің тысында, онмен кездеспеуге тырысатынмын. Үйге жеткенімде "жақсы көретінімді" әкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келуімнің өзі үстімнен ауыр жүк түскендей болды. үйден шығып, ата-анамның үйі жаққа бардым. Олардың есігін қағып, есікті әкемнің ашуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көретінімді оған айтып әкеме жолығуға тағы да батылым бармай кететінімді сездім. Есікті әкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдынан:
- "Әке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім" дедім. Әкем бірден мүлде басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып.. көзі жасаурады! Мені құшақтап салып, басымнан сипалай берді де:
- "Мен де сені жақсы көремін, ұлым. Осыны ертерек айтпағанымды кешір" деді.
Екі күннен кейін әкем инфаркт болып, ауруханаға түсті. Әкеме жақсы көретінімді айтпай, тағы жүре бергенімде... оған жаққсы көретінімді айтып үлгермегенімде... Олай ойлаудың өзі қорқынышты. Айтайын дегенім- жақсы көретінімізді дер кезінде айту керектігін жақсы ұққандаймын. Рахмет сізге.
.jpg)
Комментариев нет :
Отправить комментарий