Мен қызығатын дүниелердің бірі - бисер. Бисер де схеманың көмегімен немесе өз идеяң бойынша орындалатын сәндік бұйым негізі. Тоқыма, тігу секілді онымен де кез-келген дүнелерді жасауға болады. Көбіне мен оны сәндік бұйым, киімді сәндеу үшін қызығушылықпен пайдаланамын.
Бірде ұялымның аспа бұйымы (брелок) үзіліп қалды да, орнына жүрек пішіндегі сәндік бұйым сатып алмақ болдым. Сатып алмас бұрын гугл көмегіне жүгініп көргенмін, дұрыс жасаппын. Гугл маған сол сатып алар дүниені өз қолымнан да шығару мүмкін екенін ескертті.
Міне мынадай схема тауып алдым:
Көзімнің майын ағызып отырып тоқыған бірінші жүрекшем әдемі шықты, тек ішін бос қалдырғаным болмаса. Ал екінші рет тоқығанымда ішіне ірі көзді бисерлер салып көрмек болғанмын. Томпиған өте әдемі жүрекше шықты)))

Сіз де үйреніп алыңыз, мүмкін қымбатты адамыңызды қуантып қаларсыз)))

Комментариев нет :
Отправить комментарий