30.08.2013

1 сабақ. Ілгекпен тоқу әліпбиі (схема, жаңадан үйренушілер үшін)


Сәлем, қымбатты оқырмандар!
Ілгекпен тоқу аса қиын дүние емес, жәй ғана қызығушылығыңыз бен сабырыңызды іске қоссаңыз екі аптаның ішінде бірте-бірте төселіп, армандаған шұлығыңызы да, жемпіріңізді де, қалаған дүниеңізді де өз қолдарыңызбен дүниеге келтіре аласыз. Бұл деген ғажап емес пе?! Тоқыма тоқу жүйке жүйңізді тыныштандырады, сабырға шақырады. Бәрінен бұрын жақындарыңызға, жақын адамыңызға жылулық пен қуаныш сыйлайды.

Бүгін біз ілгек (крючок) схемасының әліпбиімен танысамыз Схемаға қараған кез келген адам оны оңай түсіне бермейді.  Дегенімен, ілгек схемасын оқи бастағаннан сіз ілгек пен бағанның шартты белгілерін түсіне бастайсыз. Сонымен:



Шартты белгілер мұнымен шектеліп қалмайды, алдағы уақытта өз кезегімен толықтырып отыратын боламын. 
Мұндай шартты белгілер орыс тілінен, жапон тілінен алынғаны маңызы демес, себебі бәріне жүретін осы бір схема.  

Дегенімен кей нұсқаларда аздап өзгешелік болады. Қуанышқа орай, олар көп емес:



Келесі сабақта әр шартты белгілерге тоқталып, олардың жасалу жолын үйрететін боламын. 

Келесі сабақта кездескенше!



Комментариев нет :

Отправить комментарий