Бес уақыт намазыңды жинамасаң,
Ораза ұстап жаныңды қинамасаң.
Алланың кешірмейтін бір күнәсі -
Ата менен анаңды сыйламасаң. (с)
Өткен және қазіргі өміріме аз-маз көз тастай отырып алдымен Аллаһқа, одан кейін әке-шешеме басымды ием. Сөз басын осылай жақсы сөзбен, жақсы амалмен бастағанды жөн көріп отырмын. Ешкімнің ала жібін аттатпай, басымды төмен қаратпай мәпелеп өсіргені үшін, мына жарық дүниені, мәнді өмірді сыйлағаны үшін Әкем мен Анама қарыздармын. Олар әрдайым менің өмірге деген сенімділігімді қалыптастырып, еркелігімді көтере білетін. Өмірде мені бірден бір шын және шынайы жақсы көретін адамдар, жәй ғана емес қымбат жандар.
Өткен және өтіп жатқан өміріме өкпем жоқ, ата-анам перзенттері алдындағы парыздарын мүлтіксіз орындап келеді. Қиыншылығы да, қуанышы да қатар жүретін үлкен өмірге қадам басқан сайын ата-ана алдындағы парыздарды көбірек ойлайтын болдым. Осынау қымбат жандарым үшін мен не істей аламын? Төбеме көтерер едім, екі қолдарын жылы суға малып қояр едім, жүз жасқа толған мерей тойын тойлар едім! Ал шариғат не дейді?
Аллаһтың жолы - ізгі жол, "жақсы сөз жарым ырыс" деген, Аллаһ сөзін сіз бен біз болып тыңдап көрелік:
- Баласы ата-анасының нәпәқысын, керек-жарағын тауып беру;
- Ата-анасын сыйлап, олардың атын атамай, бірге жүргенде алдына шықпай, артына ілесіп жүру;
- Ата-ананың рұқсатынсыз сапарға шықпау;
- Ата-анаға дауыс көтермеу, қабақ шытпау;
- Жасаған жақсылығын бұлдамау;
- Өмірден өтсе дұға ету, олар үшін Аллаһтан кешірім сұрау, солардың атынан садақа беру.Өсиетін тыңдап, жиі-жиі қабірін зиярат ету;
- Перзент әке малыны бақташысы. Әкемнің дүниесі деп қолда барды шашып-төгуге қақысы жоқ. Олай еткен бола, Аллаһқа есебін береді.
Қарап отырсаңыз өз ата-анаңыз үшін аса қиын емес парыздар. Сауабқа бөлеңіз, бөленіңіздер! "Әке қарғысы оқ, ана қарғысы боқ" дейді. Рас, Анаң қанша қарғаса да жүректен шықпайды, бауыр еті - баласын еш жамандыққа қиыған емес. Ал әкенің жөні бөлек. "Әке ашуы Алланың ашуы, әкенің ризығы Алланың ризығы" деген.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде былай дейді:
"Әке - жаннаттың ортаңғы қақпасы. Қаласаң оны тәрк ет, қаласаң сақта"
Анаға құрмет жайлы айтылған мына хадис те көпшілікке мәлім. Әбу Хұрайдан (р.а) жеткен риуаятта бір кісі келіп:
- Уа, Аллаһтың елшісі, кімге жақсылық жасайын? - деп сұрады. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
- Анаңа, - деді.
- Содан соң кімге? - деп сұрады.
- Анаңа, - деген жауап алды.
- Содан соң кімге?- және қайталағанда:
- Анаңа, - деді.
- Содан соң кімге? - деп сұрады.
- Анаңа, - деген жауап алды.
- Содан соң кімге?- және қайталағанда:
- Анаңа, - деді.
- Содан соң кімге? - деп сұрады тағы. Бұл жолы Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған:
- Әкеңе, - деп жауап қатты.
Бұл тақырыпқа алда әлі талай оралармын, ИншаАллах. Ата-анамызды сыйлайық, мәпелейік, төбемізге көтерейік, достар!

Этот комментарий был удален автором.
ОтветитьУдалить