16.11.2013

Шығынсыз пайда =))

 Дінімізде күлімдеу садақа болып саналатыны естен шықпасын. Сүйгеніңізді таппасаңыз, тапқаныңызды сүйіңіз.
Күлімдеудің адам баласына әкелетін ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауырлығы жоқ. Керісінше күлімдеу адам баласына көп пайдалар әкеледі. Күлімдеу - ішкі дүниеміздің сырқа көрініс беруі.
Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз. Күлімдеу - оны берген адамды шығынға ұшыратпайтын, алған адамды да байытатын ерекше бір күшке ие. Күлімдеу аз ғана уақытты алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады. Ешкім күлімдемейтіндей және күлімдеуге мұқтаж болмайтындай дәрежеде бай емес. Күлімдеу үйде бақыт, жұмыста табыс әкеледі. Күлімдеу - сүйіспеншіліктің, адам болудың кілті. Ол шаршағанның мауқымын басады, үмітсізге шаттық пен бақыт сыйлайды. Ол сатылмайды, өтінішпен, сұраныспен немесе азаппен келмейді. Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.
Күлімдеу өздігіннен болмайынша ешкімге пайдасы тимейді. Кейде адамдар қатты шаршағандықтарынан күлімдей алмайды, олай болса оларға сіз күлімдеңіз. Күлімсіреген жүзге бәрінен көп күлімдей алмағандар мұқтаж.

Түркия күнтізбесі сайтынан алынды

Комментариев нет :

Отправить комментарий