01.11.2013

Ілгекпен жүрекше тоқу


Біз жайында түрлі аңыз шығарады ел енді, 
Өйткені олар махаббатқа ақ ниетпен сенеді.
Сенші, күнім, мен де соған иманымдай сенейін,
Тым болмаса жүрегімді ал, жүрегімді берейін. (с)

Әдетте өзім жақсы көргетін адамымды қуанту үшін, қолдан жасалынған ерекше дүнйелер жасауға құмармын. Жүрекше тоқу ойыма келген кезде интернет беттерін ақтарып көрдім, онда оның небір түрі баршылық екен. Өз ойымдағыдай жүрекше схмасы табылған жоқ, тек қана жазылған түрін немесе суретін ғана таптым. Сондықтан миымды іске қосуға тура келді.))))


Сіздің де жақын адамыңызды немесе досыңызды қуантқыңыз келетін болар? ))) Ендеше, іске сәт, үйреніңіз!

1. Бір әуе бағаннан 6 баған тересіз. Келесі айналымда әр бағаннан екі әуе баған шығарыңыз. Үшінші қатарда әр екінші бағаннан екі әуе баған тересіз, одан кейін төртінші қатарда әр екі бағаннан соң екі бағаннан екі әуе баған шығарасыз. Нәтижесі:


2. Және дәл осындай кішкене "ұя"дан тағы біреу тоқып аласыз:


3. Қақ ортадан біріктіріп, екеуін айналдыра бір тоқисыз:


4. Енді жүрекшені айналдыра тоқи отырып, әр біріктірген жерге келген сайын бір бағаннанк емітіп отырасыз (екі жағынан да) :

5. Осылайша жүрек көзшесі бітелуге жақындағанда мақта саласыз:



6. Соңына жақындағанда екі немесе үш бағанның басын қосып бітейсіз:


Көңілді түстердің түр-түрімен тоқысаңыз көңіл-күйді тым болмаса бір сәтке көтеруге шамасы жетеді))))


Қызығушылық туындап жатса ерінбестен схемасын жазуға бармын. Бақытты болыңыз, дос! =))





2 комментария :

  1. Этот комментарий был удален автором.

    ОтветитьУдалить
  2. Иееахһһ, журекшелер :)) Осыларды қолыңа ұстап қарағаныңда бір жағымды ғо :) Бұл жүрекшелерді сәннен басқа қандай пайдағаасыруға болады?

    ОтветитьУдалить